2019 жылы 4-5 қазанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IАAR) Түркістан қаласында «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша III Орталық Азия Халықаралық форумын» өткізді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі - Шолпан Танатовна Каринова, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі - Сайфиддин Хайридин Давлатзода, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ететін халықаралық еуропалық желілердің, шетелдік аккредиттеу органдарының, білім беру ұйымдарының жетекшілері Әлемнің 20 елі (Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Болгария, Чехия, Түркия, Латвия, Молдова, Египет, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.), Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығы және 30-дан астам қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары, студенттер мен жұмыс берушілері қатысты.

АРТА/IAAR директоры А.Б. Жумагулова пленарлық отырысты ашып, баяндама жасады. Пленарлық отырыстың ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның атынан форумға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

                                                                                                     

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов атынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице – министрі Шолпан Танатовна Каринова құттықтау сөз сөйледі.

                                                                                                     

Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Давлатзода Сайфиддин Хайриддин Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Саид Нуриддин Саидовичтің атынан форумға қатысушыларға құттықтау сөзін оқыды.

                                                                                          

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Қаныбек Абдуваситұлы Исаков атынан Қырғыз Республикасының делегациясы құттықтау сөз сөйледі.

                                                                                                     

АРТА/IAAR өткізетін жыл сайынғы «Орталық Азия Халықаралық білім беру сапасын қамтамасыз ету Форумы» көптеген мемлекеттік қызметкерлерді, академиялық және кәсіби қоғамдастық өкілдерін тартады. Форум жыл өте танымал болып келеді, оған дәлел ретінде 2017 жылы Алматыда форумға 400-ден астам адам, ал 2018 жылы Нұр-Сұлтанға 500 адам қатысты.