Network for QA in Professional Higher Education (QAPHENET)

2017 жылдың басында АРТА Erasmus+ «Жоғары кәсіби білім сапасын қамтамасыз ету желісі (Network for QA in Professional Higher Education, QAPHENET)» бағдарламаларының жобалары конкурсына қатысатын консорциумға серіктес ретінде кірді. Жоба ұйымдастырушысы Universidad de Murcia, UMU (Spain)

QAPHENET жобасының мақсаты студентке қолжетімді білім траекториясын таңдау мүмкіндігін жоғарылатып, кәсіби ЖОО мен өндіріс арасындағы кемшіліктерді толтырып, жоғары кәсіби білім сапасын қамтамасыз ету бойынша құралдарды жасау және енгізі желісін құру.

Қатысу нәтижесі: қарастырылуда

________________________________________________________________________

Kazak Universities to Foster Quality Assurance Processes in Technology Enhanced Learning (KUTEL)

2016 жылдың желтоқсан айының соңында АРТА Erasmus+ «Қазақстандық университеттерде алдыңғы қатарлы технологияларды оқу саласында сапаны қамтамасыз теу үрдісін дамытуға жәрдемдесу (Kazak Universities to foster quality assurance processes in Technology Enhanced Learning, KUTEL)» бағдарламаларының жобалары конкурсына қатысатын консорциумға серіктес ретінде кірді. Жоба ұйымдастырушысы Università degli Studi Guglielmo Marconi, USGM (Italy).

Жоба мақсаты – алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланумен сапаны қамтамасыз ету ұлттық жүйені ендіру арқылы Қазақстандағы жоғары білім беру реформасына және модернизациялануына жәрдемдесу.

Қатысу нәтижесі: қарастырылуда

________________________________________________________________________

Integrate (high quality) Practical Experience in Higher Education (IPEE)

2016 жылы АРТА Erasmus+ «Жоғары білім беру саласындағы тәжірибелік (жоғары сапа) интеграция (Integrate (high quality) Practical Experience in Higher Education, IPEE)» бағдарламаларының жобалары конкурсына қатысатын консорциумға серіктес ретінде кірді. Жоба ұйымдастырушысы Tampere University of Technology, TUT (Finland).

Консорциум құрамына, сонымен қатар, the Accreditation Agency Specialised in Accrediting Degree Programmes in Engineering (ASIIN e.V, Germany), the National Centre for Educational Quality Enhancement (NCEQE, Georgia) кірді.

Жоба мақсаты – түлектердің еңбекпен қамтамасыз етілуін жоғарылату үшін жоғары білім, ғылым және бизнес арасындағы құрылымдық серіктестікті дамыту үшін құралдау жиынтығын жасау.

Жоба миссиясы – жоғары білім саласныдағы серіктес-мемлекеттердің тұрақты дамуын, ЖОО, жұмыс берушілер және Шығым Еуропа (Грузия ), Орталық Азия (Қазақстан) және Еуропалық Одақ (Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды) серіктес-мемлекеттер өкілдері арасындағы, сонымен қатар сапа стандарттарын қалыптастыру үшін жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша сыртқы мекемелермен тәжірибе алмасуын жоғарылату.

Қатысу нәтижесі: қарастырылуда

________________________________________________________________________

АҚШ Елшілігінің шағын грант бағдарламасы

2016 жылдың 24 наурызында АРТА АҚШ Елшілігінің шағын грант бағдарламасына қатысу үшін «Әлеуметтік теңсіздікті жою және Қазақстандағы білім беруді Халықаралық мектептерде мойындау» тақырыбында өтініш тастады

Жоба мақсаты – ҚР жұмыс істеп тұрған халықаралық мектептердің оқыту нәтижесін мойындауға әсер ету арқылы әлеуметтік теңсіздікті жою. Күтілетін нәтижелер – халықаралық мектептердің оқушылардың әлеуметтік теңдігіне жетуіне әсері тиеді, халықаралық мектептер қызметін қоғамға жеткізетін диалогтық алаң пайда болады, халықаралық мектептердің қызметін регламенттейтін нормативтік- құқықтық актке өзгерістер енуге әсеірн тигізу, аккредиттелген стандарттарды жақсартуға және бағалауға стейкхолдерді тарту.

Қатысу нәтижесі: қарастырылуда