Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензия:

 Целиноград мемлекеттік медициналық институты (1977)

 Емдеуші дәрігер

 Денсаулық сақтау ұйымдарындағы әлеуметтік гигиена бойынша жоғары санатты дәрігер

Еңбек өтілі:

Целиноград қалалық балалар ауруханасының дәрігер-интерн, учаскелік дәрігер-педиатор (1977-1981);

Целиноград облыстық денсаулық сақтау бөлімінде дәрігер-инспектор, емдеу-сауықтыру секторының бастығы, меңгерушінің орынбасары (1981-1988);

Астана қаласының №1 балалар ауруханасының бас дәрігері (1988-2012);

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы (01.2013)

Астана қаласы мәслихатының депутаты, екінші (1999-2003) және үшінші (2003-2007) сайланған, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мідени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, Астана қаласының әкімдігі жанындағы денсаулықты қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі;

Астана қаласы мәслихатының депутаты (1999-2012);

V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «Нур Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша кандидаты (07.12.2011);

V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (18.01.2012-20.01.2016)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтар, құрметті атақтары:

«Құрмет» ордені;

Медальдар: «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі;

«Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «Алтын дәрігер» төсбелгілері.