Н.Островский атындағы Винницкий мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (1986 ж), 2009 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттының заңгер баклавр академиялық дәрежесі беріле отырып, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы А.Майкөтов атындағы Целиноград педагогикалық училищесінің (қазіргі Астана қаласындағы гуманитарлық колледж) орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, әдіскері болып бастады, 2001 жылдан бері колледжде оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметінде.

С 2006 -2007 жылдары Астана қаласының білім беру жүйесінде Біліктілікті арттыру және кадрларды дайындау институтының Оқытудың мазмұны және әдістері кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 

2007 жылы Астана қаласының Білім басқармасына ауыстырылды, ол жерде 2013 жылға дейін әдіскер, жетекші маманнан бастап, Астана қаласының Білім басқармасының Кәсіби білім беру және кадрларды дайындау бөлімінің бастығына дейінгі барлық жолдан өтті.

2013 жылдан «Атамекен одағы» ҚҰЭП Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту департаментінің директоры жұмысын бастады.

Қазіргі кезде «Атамекен одағы» ҚҰЭП адами капиталды дамыту департаментінің директоры болып табылады.

КҰП қалыптасу кезеңінде Департамент қызметінің барлық нормативтік-құқықтық құжаттары әзірленді, ҚҰП туралы заңның қабылдануына байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға қажетті барлық толықтырулар мен өзгерістер әзірленіп, енгізілді.

Дуальдық оқытуды енгізудің жол картасы әзірленді. Өңірлік палаталар үшін ақпараттық-консультативтік қызмет ұйымдастырылды. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептіліктің мониторингі жүзеге асырылды.

Ағымдағы және қазіргі жұмыс орындарындағы негізгі  кәсіби жетістіктерінде білікті де беделді маман ретінде жетті, мемлекеттік қызметтегі ұйымдастыру жұмыстарында іскер, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, талдау әдістерін қолдана білді.

Республикалық ғылыми-зерттеу журналдарында шыққан жарияланымдары бар, ЕГИ «Кәсіби білім берудің теориясы және әдістемесі» 130008 мамандығы бойынша ізденуші.

Республикалық және қалалық аттестаттау комиссиялары құрамында,ТжКБ ұйымдарында күрделі тексерістерге қатысу тәжірибелері бар, әлеуметтік, білім беру мәселелері бойынша бірқатар қалалық, өңірлік комиссиялардың құрамында болуы жоғары деңгейдегі кәсіби маман болуына әсер етті.