Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы Назарбаев Университетінің Білім беру жоғары мектебінің аға атқарушы директоры болып табылады. Еңбек жолын ол М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы ретінде бастады. Сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы ТарМУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, халықаралық ынтымақтастық және қаржы мәселелері жөніндегі проректоры, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық ынтымақтастық және қаржы мәселелері жөніндегі проректоры,«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті қызметтерінде болды. Сондай-ақ ол үш деңгейлі білім беру жүйесі  және докторантура бағдарламаларының батыстық түрі енгізілген кезде Білім және ғылым министрлігінің жұмыстарына да тартылды.  2013 жылдан осы кезге дейін Назарбаев Университетінде жұмыс жасайды және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті болып табылады. Аида Қыстаубаева лингвистика, шет тілдерді оқыту, жоғары білімдегі әкімшілендіру, жоғары білім беру және білім беру саясатын интернацияландыру тақырыбына жазылған 50-ден астам ғылыми мақалалардың және жарияланымдардың авторы.  

Білім беру жоғары мектебінің Ғылым департаментінің ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысып, басқарып отыр:

  • Қазіргі заманның контексінде Қазақстандағы орта білім берудің мазмұнын жетілдіру» ғылыми-зерттеу жобасы (2014 – 2016 жылдар)
  • «Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық басқару мен менеджменттің озық практикаларын дамыту» ғылыми-зерттеу жобасы (2014-2016 жылдар)
  • «Қазақстанның жоғары оқу орындарында интернацияландырудың озық практикалық үлгілерін дамыту» ғылыми-зерттеу жобасы (2014-2016 жылдар)

Соңғы жылдары жарияланған таңдаулы жарияланымдары:

  • Сағынтаева, А. (2014) Білім беру реформасы және интернацияландыру: Қазақстандағы мектеп реформасы. /Educational Reform and Internationalization: The case of School Reform in Kazakhstan/. Кембридж Университетінің редакциясы, 2014.
  • Сағынтаева, A., Кұрақбаев, K. (2013) Жоғары білімді Орта Азиямен интернацияландыру: Қазақстан контексінде/ Internationalization of higher education in Central Asia: the Kazakhstan context/. В Стисни, M. и Горе, T., (2013) Identifying Trends and Drivers of International Education. London: Emerald. (баспада)
  • Сағынтаева, A., Кұрақбаев, K. (2013)  Жоғары білім берудің жаһандық рейтингінің Қазақстандағы мемлекеттік саясатқа әсері: проблемалары мен перспективалары/ The impact of global higher education rankings on the governmental policy in Kazakhstan: challenges and prospects/. Конференциялар жинағы IREG-6: Академиялық рейтинг және Жоғары білім беру прогрестері – Азияның және басқа да өңірлердің тәжірибелері. Taйпей, 18-21 сәуір 2012. 
  • Сағынтаева, A. (2013) Әртүрлі құрылымдық тілдердегі фразеологиздер: типология және ұлттық-мәдени ерекшелік: Ғылыми басылым. Астана.
  • Сағынтаева, A. (2012) Университеттердің әлемдік рейтингтерінің Қазақстандағы жоғары білімнің менеджментіне және саясатына әсері/ The Impact of Global University Rankings on Higher Education Management and Policy in Kazakhstan/. Жоғары білім берудегі бағалау, HEEACT & Airiti Inc. 6(2), 2012.
  • Сағынтаева, A. (2012) Лексикалық жүйедегі әлемді концептуализациялау. Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция, 19-21 қазан 2012 ж. «Казан мемлекеттік университеті», Филология және өнер институтының жалпы линвистика және лингвокультурология кафедрасы, 2012
  • Сағынтаева, A. (2011) Университеттің жаңа менеджменті және дәстүрлі академиялық еркіндік / Modern university management and traditional academic freedoms/. Білім берудегі қазіргі заманның трендтері конференциясы, - Жинақ. 17-18 қараша, 2011, Астана, Қазақстан.- Астана: Фолиант, 2011.-168 бет.