Игорь ЭМРИ (Словения) 

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Словения Республикасы ғылымдар және өнер Академиясының академигі.

Халықаралық реологиялық комитет президенті, Орнықты инновациялық технологиялар институтының (ISIT) директоры, Халықаралық инженерлік академияның Словения бөлімінің жетекшісі.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша Еуропалық мекемелер ассоцияциясының (Science Europe) ғылыми-кеңестік комитетінің төрағасы,  Erasmus Mundus ұлтаралық және дисциплина аралық бағдарламасы комитетінің ғылыми мүшесі.

Материалдар механикасы саласындағы жетекші маман, Алтын белгі   (Ресей), Лазана (АҚШ) және басқа да беделді ғылыми мекемелердің премиясының лауреаты.