Людмила Шамаққызы Жұмаева Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Жоо бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысында акушер-гинеколог, аудандық акушер-гинеколог болып, кейін Қарағанды қаласының жедел жәрдем клиникалық ауруханасында жұмыс жасады.

2000 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы жүйесінде, кейін «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ ұйымдастыру – әдістемелік жұмыстар және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы болып жұмыс жасады.

Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту қызметін көрсетустандартын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында   ҚР ДМ «мемлекеттік қызметшілердегі әлеуметтік-мәнді аурулардың ерекшеліктері» ҒТП орындау жөніндегі мемлекеттік тапсырысын атқаруға қатысты, «Оңалтудың мәселелері» журналының редакциялық алқасының мүшесі болып табылады.

«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен марапатталған. АРТА сарапшылар кеңесінің мүшесі, 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы немесе тең авторы, оның 2-уі оқу-әдістемелік оқу құралдары.