Әбдірахманова Айгул Ортақызы, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын 1981 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, медицина ғылымының кандидаты, доцент, БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшысы, АРТА сарапшылыар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Медициналық Қауымдастықтың әдеп жөніндігі комитетінің мүшесі, «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталған.

Институтты бітіргеннен кейін Шахта қаласындағы №1 перзентхананың дәріген ординаторы болып, кейін Қарағанды медициналық институтының акушерлік-гинекология кафедрасында дәрігер-зертханашы болып жұмыс жасады. 1986 жылы ҚММИ дерматология-венерология мамандықтары бойынша клиникалық ординатураға түсіп, оны аяқтағаннан кейін дерматология-венерология кафедрасында кафедра ассисенті қызметінде қалады.

20 жылдам астам уақытын білім беру жүйесіне арнады.

  • 1994 - 2001 жылдары . – дерматология-венерология кафедрасында кафедра доцент, кафедра меңгерушісі. 2001 – 2005 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің рудалық аэрология және еңбекті қорғау кафедрасының доценті болып жұмыс жасады. 1999 - 2005 жылдары – Ресей-Қазақстан университетінің педагогикалық түзету және әлеуметтік бейімделу кафедрасының доцентін қызметін қоса атқарды. 2005 - 2006 жылдары - ҚММА дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсіби жетілдіру факультетінің деканы.
  • 1994 1997 жылдары Қарағанды қаласы диагностикалық орталығының штаттан тыс консультанты болды.
  • 2006 жылы шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасында ғылыми жұмысты басқарды;  ҚР ДМ «мемлекеттік қызметшілердегі әлеуметтік-мәнді аурулардың ерекшеліктері» ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау жөніндегі мемлекеттік тапсырысының ұйымдастырушысы және жауапты атқарушысы болды.
  • 2009 жылы – Ғылыми хатшы,  2010 жылдан. - «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ білім, ғылым және инновациялық технологиялар бөлімінің бастығы.
  • 2012-2013 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің медициналық білім беру және инновациялық технологиялар орталығы директорының орынбасары.
  • 2013 жылғы сәуірден Республикалық денсаулықты дамыту орталығында бас сарапшы қызметінде жасайды.

1994 жылы «Псориаздың әртүрлі формасы кезіндегі иммунограммның ерекшеліктері» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертациясын қорғады (ГК № 0001474). 1998 жылы ҚР ЖАК доцент атағын (ДЦ № 0002882)  берді.

А.О.Әбдірахманова 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 5 оқулық, 5 оқу-әдістемелік құралы, «Саңырауқұлақтар патшалығы» курстың электрондық нұсқасы бар.