Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

1957 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласында туған, қазақ.

Үйленген, үш қызы және ұлы бар.

Мәскеу химиялық машина жасау институтын (1979 ж.) – химиялық-технологиялық процестерді автоматтандыру инженері, БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (1984 ж.) – саясаттанушы, КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар академиясын (1991 ж.) – әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Еңбек жолын Жаңа-Жамбыл фосфор зауытында азот-оттегі цехының бақылау-өлшеу және автоматтандыру шебері (1979-1981 жж.) болып бастаған, комсомол органдарында қызмет атқарған, тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты Ақпарат-талдау орталығының аға референті, сектор меңгерушісі, басшысының орынбасары (1993-1995 жж.), Қазақстан халқы Ассамблеясы Атқарушы хатшылығының меңгерушісі (1995-1997 жж.), Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрінің орынбасары (1997 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Үйлестіру және бақылау департаментінің директоры (1997 ж.), «Крау» бірлескен кәсіпорнының бас директоры (1997-1998 жж.), Қазақстан Республикасы Парламенті Ақпарат-талдау орталығының директоры (1998-2002 жж.), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2002-2004 жж.), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы (2004 ж.), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бұқарамен байланыс және баспасөз бөлімінің меңгерушісі (2004-2005 жж.), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (2005 – 2006 жж.), Алматы қаласы әкімінің орынбасары (2006-2013 жж.) болып жұмыс істеді.

2013 жылғы ақпан айынан бастап 2016 жылдың қаңтар айына дейін бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан»  партиясының Фракция мүшесі.

2016 жылғы наурыз айынан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Фракция мүшесі.

«Феномен многопартийности в Казахстане» (1997 ж.) монографиясы-ның, сондай-ақ 100-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызмет үшін» медалімен, Азия Олимпиядалық Кеңесінің алтын белгісімен, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Туризм және спорт министрліктерінің омырау белгілерімен және т.б. марапатталған.