Бозымов Қазыбай Қараұлы 1949 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл бекетінде туған.

Еңбек жолын 1964 жылы Орал бекетінде локомотив депосында дәл өлшеу құралдарына қызмет көрсету,және жөндеу слесары болып бастаған, сонымен бір мезгілде жұмысшы жастардың кешкі оқуында оқыды. 1967 жылдың сәуірінде тепловоздың машинисінің көмекшісі қызметіне ауыстырылды. КСРО қарулы күштері қатарындағы қызметтен соң, 1971 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтына түсіп, оны 1976 жылы үздік бітіреді.

Одан кейінгі еңбек жолы аталған ЖОО байланысты, осындағы жеке мал шаруашылығы кафедрасының ассисентінен бастап аспирант, доцент, зооинженерлер факультетінің деканы, Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің ректорына дейінгі жолдан өтті.

1982 жылы қарашада Сібір мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу және жобалау-технология институтында (Новосібір қаласы) ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертациясын қорғады, ал 1994 жылы маусымда ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертациясын қорғады. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның 1996 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен «Зоотехния» мамандығы бойынша профессор атағы берілді.

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ.Бозымов Қазақстанда және Ресейде ет бағытындағы мал шаруашылығы және жылқы шаруашылығы саласындағы ғалым-селекционер ретінде кеңінен танымал.

Ол 260-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде монографиялар: «Қазақтың ақбас тұқымы», «Қойдың ақжайықтық етті-жүнді тұқымы және оны жақсартудың жолдары», «Сиырды будандастыру кезінде қазақтың ақбас тұқымын тиімді пайдалана білу», «Таза тұқырмы өсіру және будандастыру кезінде сиыр етін өндіруге арналған қазақтың ақбас тұқымының генетикалық қуатын пайдаланудың тиімділігі», «Батыс Қазақстанның малдарының қазақтың ақбас тұқымының аймақтық түрі», «Қойдың ақжайықтық етті-жүнді тұқымы және оны жақсартудың жолдары» және «Түйе шаруашылығы», оқулықтар: «Цитологияның, эмбриологияның, гистологияның негізімен жануарлар анатомиясы бойынша практикум» және «Жылқы және түйе шаруашылығы», асыл тұқымды ауылшаруашылығы жануарларының селекциясы проблемаларына, өнімділік және тұқымдық сапасын арттыруға арналған ұсыныстары, нұсқаулары. «Ерлікке тағзым», «Білім берудегі сапа менеджментінің жүйесі» және «Жәңгір хан - реформатор» кітаптары басылып шықты.

Қ.Қ.Бозымовтың басшылығымен 5 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. Профессор Қ.Қ.Бозымов ғылыми зерттеумен белсенді түрде айналысуын жалғастырып келеді, Батыс Қазақстандағы асыл тұқымды малдарды молайтуды жетілдіру тақырыбы бойынша ғылыми тақырыптың жетекшісі болып табылады.

Қазақ Ұлттық табиғи ғылымдар Академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Халықаралық инженерлік академияның толық мүшесі.

Қазақстан Республикасының Аккредиттеудің және рейтингтік тәуелсіз агенттігінің аккредиттік кеңесінің мүшесі.

ҚР білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденімен, Президенттің «Барыс» төсбелгісімен, «Жауынгерлік айбыны үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақ хандығына 550 жыл» медалдарымен, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға қосқан еңбегі үшін», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20-жылдығы» төсбелгілерімен және өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіндегі сіңірген зор еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медалымен марапатталған.

Қ.Қ.Бозымов ет бғытындағы мал шаруашылығы тақырыбы бойынша бірқатар республикалық ғылыми тематиканың, Бүкілресейлік ет бағытындағы мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен берлесе отырып орындалып жатқан «Қазақтың ақ басының тұқымын жәтілдіру және перспективалық туыстас топтар мен желілер қалыптастыру» халықаралық тақырыбындағы жұмыс тобының басшысы болып табылады.

Жануарларды будандастыру (Мүйізді ірі қараның қазақтың ақбас тұқымының жаңа аймақтық түрін шығару және екі желісін жасау) саласындағы жеткен ірі жетістіктері үшін ҚР ӘМ Зияткерлік меншік жөніндегі комитеті профессор Қ.Қ.Бозымовқа 2010-2012 жылдар үшін 5 патент берген.

Үш рет облыстық Мәслихаттың 3,4,5 сайланымдарына депутат болып сайланды. Экономика, жоспарлау және даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Қ.Қ.Бозымовтың басшылығымен еуропалық стандарттар деңгейіндегі қазіргі заманның ғылыми-оқу жабдықтарымен жасақталған биотехнология және табиғат пайдалану ғылыми-зерттеу институтының, биотехнология және ветеринарияның ғылыми-зерттеу зертханаларының, 1000 орынға арналған машинажасау факультетінің  ғимараттары салынды.

Университет Кампусы газбен жабдықтаудың және жылытудың автономдық жүйесімен жарақтанды, «Нива» Университетінің тыңдаушылары мен қызметкерлеріне 200 орынға арналған спорттық-сауықтыру кешені толықтау жаңғыртылды. Оқу ғимараттары кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді және жиһаздар, құрал-жабдықтар жаңартылып, зертханаларға арналған жаңа станоктар мен құралдар сатып алынды. Ерекше назар студенттер қалашығының  ландшафтық дизайнына және көрнекілік құралдарға аударылды. Жәңгір ханға ескерткіш орнатылды, мұражай және алғашқы тың игерушілердің аллеясы ашылды.

Сондай-ақ мынадай ғимараттар салынды: 560 орындық Студанттер Үйі, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған 72 және 44 пәтерлік тұрғын үйлер, студенттік медициналық орталық; мектепке дейінгі балаларға арналған мекеме «Жәңгір хан» (мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша);

«Қойдың ақжайықтық етті-жүнді тұқымын өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылық» ғылыми-оқу-өндірістік кешені құрылып, онда 6000 астам асыл тұқымды мал өсірілді.

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

 

Шығармашылық қызметінің негізгі даталары:

1971-1976

Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының студенті

1976-1979

Жалпы зоотехника кафедрасының ассистенті

1979-1981 Бүкілодақтық ет бағытындағы мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты

1981-1987 

БҚАШИ жеке мал шаруашылығы кафедрасының доцентінің м.а., зооветеринар факультетінің деканы

1987-1990 

БҚАШИ партия комитетінің хатшысы

1994

СібМШҒЗЖТИ ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертациясын қорғады

1990-1996 Батыс Қазақстан аграрлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры

1996 

ЖАК «зоотехния» мамандығы бойынша профессор атағын берілді

1996-2000 Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры
2000-2002

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры

2002-2014

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры

2014 

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ректорының кеңесшісі

 

Басшылығымен орындалған және қорғалған

Диссертациялық жұмыстар

Докторлық

1. Н. М. Губашев Таза тұқырмы өсіру және будандастыру кезінде сиыр етін өндіруге арналған қазақтың ақбас тұқымының генетикалық қуатын пайдаланудың тиімділігі» а.ш.ғ.докторының диссертациясына автореферат: 06.02.04 / Н. М. Губашев. – Шымкент, 2009. – 47 б.

Кандидаттық

1. Н. М. Губашев Зауыттық желісінің асыл тұқымдық және өнімділік сапасы мен қазақтың ақбас тұқымының перспективті туыстық топтары және оларды «Анката» асыл тұқымдар зауытында жетілдіру жолдары а.ш.ғ. кандидатының диссертациясына автореферат: 06.02.01 / Н. М. Губашев. – Орал, 2002. – 23 б.

2. Ф. Б. Закирова «Хан ордасы» ЖШС жағдайында екі өркешті түйелердің өнімділік қасиеттінің туу қабілеттеріне әсер етуі және оны жетілдірудің жолдары: а.ш.ғ. кандидатының диссертациясына автореферат: 06.02.01 / Ф. Б. Закирова. – Орал, 2004. – 29 б.

3. Н. Ж. Кажгалиев Қазақтың ақбас тұқымының ірілендірілген түрлерінің селекциялық және өнімділік параметрлерін «Анката» асыл тұқымдар зауытын жағдайында жақсарту:  а.ш.ғ. кандидатының диссертациясына автореферат: 06.02.01 / Н. Ж. Кажгалиев. – Орал, 1999. – 26 б.

4. Б. А. Курманов Екі өркешті түйелердің Батыс Қазақстанның аумақтық-климаттық аймағы жағдайында өнімділік функцияларының ерекшеліктері: автореф. Вет.ғ. кандидатының диссертациясына автореферат: 06.02.01 / Б. А. Курманов. - Орынбор, 1995. – 15 б.

5. М. Т. Нигметов Әр түрлі жағдайларда өсірілген көшім тұқымды жылқы төлінің өсуі және дамуы: а.ш.ғ. кандидатының диссертациясына автореферат: / М. Т. Нигметов. – ВНИИ коневодства. – Дивово, 1994. – 16 б.

 

Басышылығымен/қатысуымен табысты орындалған/орындалып

жатқан ғылыми-зерттеу және инновациялық жобалар

 

1.Қазақстың ақбас тұқымының криобанка генетикалық материалын жасау жолымен тектік қорын сақтау және асыл тұқымдық және жануарлардың өнімділік сапасын жетілдіру;

2.Батыс Қазақстан облысының жағдайында ет бағытындағы малды табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланғаннан кейін қарқынды бордақылай отырып, жоғары сапалы сиыр етін өндіру технологиясын енгізу;

3.Қызылорда облысының жағдайында мал шаруашылығының (сиыр етінің) өнімдерін өндірудің инновациялық технологиялары;

4.өңірдің жағдайында етті-майлы еділбай қойларын тиімді пайдаланудың селекциялық әдістері;

5.Селекцияның тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, қойдың ақжайықтық етті-жүнді тұқымының тектік қуатын арттыру, өсіру, ұстау технологиясы, азықтандыру;

6.Батыс Қазақстанның еттік өнімділігін көтбейтуге бағытталған биязы жүнді қойларынының қуатын арттыру және әдіспен біртекті жүн сапасын жақсарту;

7.Батыс Қазақстан облысында кіріспе будандастыру жолымен қазақтың екі өркешті түйелерінің тұқымдарының өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жетілдіру;

8.Бекіре тұқымдас балықтарды өсіру технологиясының аквамәдениетін әзірлеу және құрал-жабдықтарын дайындау;

9.Қызылорда облысының жағдайында етті-майлы еділбай қойларын тиімді пайдаланудың селекциялық әдістері.

 

Наградалар

 

1971 – «Жауынгерлік айбыны үшін» медалімен марапатталды.

2001- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2002- «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

2003- «ҚР ғылымын дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2005- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды

2006- «Кұрмет» орденімен марапатталды.

2009- «Барыс» төсбелгісімен марапатталды.

2009- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

2010- «Нұр Отан» ХДП «Белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2011- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2011- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды

2014 - «Өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісіндегі сіңірген зор еңбегі үшін» Ыбырай Алтынсарин атындағы медалмен марапатталған.

2015 - «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20-жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 – «Қазақ хандығына 550 жыл» естелік медалімен марапатталды.