Солтүстік Қазақстан облысының  Булаев ауданының Қара-қоға селосында 15.06.1949 ж. туған. Петропавл педагогикалық институтын, Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген.

Тарих оқытушысы, ғалым агроном. Экономика ғылымдарының  докторы, саяси ғылымдар кандидаты.
Орта мектептің директоры, Сергеев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Сергеев аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары және Петропавл қалалық партия комитетінің хатшысы болды; Мемлекеттік және шаруашылық органдарында жұмыс жасады, Петропавл экономикалық колледжінің директоры болды.

2007 жылдан бастап – Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.

Сенатпен Польша Республикасымен, Корея Республикасының Ұлттық жиналысымен ынтымақтастық жөніндегі тобының мүшесі.

ҚР Парламентінің атынан Ресейде, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Чехияда, Польшада, Еуропалық Парламентте, НАТО-да өкілдік етті.

Ұлттық Инженерлік Академияның мүше-коорреспонденті, 50-ден астам ғылыми мақалалары мен жарияланымдары бар, соның ішінде шет елдік басылымдарда шыққан.

«Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі.

Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары Ассоциациясы Төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары Ассоциациясы Астана филиалының төрағасы.
«Құрмет» орденімен, «Ынтымақтастық» халықаралық орденімен және төрт медалмен марапатталған.

Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары.