Жеке ақпарат:
Қазақ, 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген.
№20 Теміртау орта мектебін бітірген.

Тұрмыс құрған, қызы бар (2005 ж.)

Білімі:

Жоғары. А.А. Жданов атын. Ленинград Мемлекеттік Университеті, психология факультеті (1982-1987 жж.),

Сырттай аспирантура: Санкт-Петербург Мемлекеттік университет, психология факультеті (1990-1994 жж.).

Ғылыми дәреже:
Социология ғылымдарының докторы (2003 ж.)
Психология ғылымдарының кандидаты (1995 ж.)

Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Басшының тұлғалық бағыты» ( ірі индустриялық кәсіпорын мысалында) - Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінде қорғалды, 1995 ж.

Докторлық диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы этностардың әлеуметтік қарым-қатынасы» - әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық Университетінде қорғалды, 2003 ж.

Ғылыми атақ:
Профессор (2006 ж.), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2012 ж.)

Еңбек қызметі:
1987-1997 жж. – психолог, кадр тұрақтандыру бюросының басшысы, Қарағандылық металлургия комбинатының әлеуметтік-психологиялық қызметінің жетекшісі (Теміртау қ.)
1997-2007 жж. – «ЦЕССИ-ҚАЗАҚСТАН» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры (Астана қ.)
2007-2010 жж. - әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы
2010-2011 жж. – Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасары
2011-2017 жж. – ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры
2014 қыркүйек – 2016 қыркүйек - әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры (қосымша жұмыс ретінде)

2017 жылғы 28 ақпаннан – осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Қоғамдық жұмыстар: 
• Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі (2008 ж. бері)
• Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша сарапшы алқасы Комиссиясының мүшесі (2000 ж. бері)
• Үкімет жанындағы ЖҒТК мүшесі (2011 ж. бері)
• «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2008 ж. бері)
• «Нұр Отан» партиясының Алматы бөлімшесінің Саяси кеңесінің мүшесі (2008 ж. бері).
• Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық Кеңесінің төраға орынбасары (2011 ж. бері)
• «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры (2002-2011 жж.)
• «Әлеуметтану - Sociology» ғылыми-талдамалық мемлекетаралық журналының бас редакторы (2007 ж. бері)

Мемлекеттік марапат:
• Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011 ж.)

Мерейтойлық марапаттар:
• Медаль «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.)
• Медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.)
• Медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.)
• Медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.)

Салалық марапаттар:
• Мемлекет ғылымына орасан зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты (2008-2010 жж.)
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің белгілері: «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін» (2003 ж.); «Ы.Алтынсарин» медалі (2009 ж.); «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2014 ж.)
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Құрмет грамотасы» (2015 ж.)
• Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медалі (2015 ж.)
• «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі (2015 ж.)
• Қазақстан халқы Ассамблеясының алтын медалі «Бірлік» (2016 ж.)

Негізгі ғылыми жарияланымдар:
200 ғылыми мақалалар авторы. «Әлеуметтену» оқулығы - жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың жауапты редакторы (2005 ж.), «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Әлемдік әлеуметтану антологиясы» көптомдық кітаптың бірлескен авторы. «Современный Казахстан: общественное мнение» (2011 ж.) авторлық ұжымдық монография жетекшісі. «Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе» (2003 ж.), «Идеологический концепт развития Казахстана на современном этапе» (2010 ж.), «Идеологическое конструирование в Республике Казахстан» (2012 ж.), «Социальное взаимодействие этносов: мониторинг межэтнических отношений в Республике Казахстан» (2013 ж.) - монографияларының авторы, «Идеологическое конструирование в Республике Казахстан вехи эволюции и траектории развития в контексте стратегии «Казахстан-2050» (2013 ж., бірлескен авторлықта), «Институт семьи как фактор стабильности казахстанского общества» (2014 ж., бірлескен авторлықта), «Ценности-смысловые и духовно-нравственные основания консолидации этнических и религиозных групп Республики Казахстан в гражданскую общность» (2014 ж., бірлескен авторлықта), «Ценности и идеалы независимого Казахстана» (2015 ж., ұжымдық монография).